Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы күндері қаза тапқандардың денелерін анықтау бойынша тынымсыз жұмыстар жүргізілді. Анықтау кезінде ДНҚ талдауы жүргізіліп, жақын туыстары қатысты, — делінген Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпаратында.
Еске сала кетсек, 25 желтоқсан күні болған әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға Мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті. Медициналық көмек алған Әзербайжанның 14 азаматы еліне оралды.
Маңғыстау облысының әкімдігі қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Жергілікті атқарушы орган өкілдері апаттан зардап шеккендердің және қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.