Қазақ әдебиетінің қара шағырағы - жазушылар одағына 90 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ әдебиетінің қара шағырағы - жазушылар одағына 90 жыл

Қазақ әдебиетінің қара шағырағы - жазушылар одағына 90 жыл

Қазіргі таңда Жазушылар одағы –  1015 мүшесі бар еліміздегі ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі.

  • 13 Желтоқсан 2024
  • 25
Фото: history.kz

Қазақстан Жазушылар одағы 1934 жылы құрылды. Бұл ұйым қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосып, Қазақстанның әдебиет тарихында ерекше орын алған. Қазақ әдебиетінің қара шағырағы биыл 90 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жазушылар одағының алғашқы құрылтайы 1934 жылы Алматы қаласында өтті. Бұл жиынға Абайдың шығармашылығын зерттеген және қазақ әдебиетінің негізін қалаған тұлғалар, соның ішінде Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сияқты көрнекті қаламгерлер қатысты. Ұйымның құрылуы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің жүйеленіп, жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізді.

Кеңестік дәуірде Жазушылар одағы мемлекеттік идеологияны қолдау мақсатында жұмыс істеді, бірақ бұл кезеңде де қазақ әдебиетінің көптеген классикалық туындылары жарық көрді. Алаш арыстарының шығармашылығы кеңес дәуірінде қысымға ұшырағанымен, кейін олардың мұрасы қайта жаңғыртылды.

1991 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы тәуелсіз қазақ әдебиетін дамытуға бағыт алды. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, қазақ тілінде жазылған шығармалардың сапасын арттыруға ерекше назар аударды.

Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясы, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сынды қаламгерлердің шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қазынасына айналды. Жазушылар одағы көптеген жас жазушыларға қолдау көрсетіп, олардың шығармаларын насихаттауда үлкен рөл атқарды. Қазақстан Жазушылар одағы қазақ әдебиетін әлемге танытуда белсенді жұмыс істеп келеді. Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары бірнеше тілге аударылып, халықаралық деңгейде танылды.

Ғасырға жуық тарихы бар Қазақстан Жазушылар одағы – ұлтымыздың рухани кемелденуіне зор үлес қосқан, сан ғасырлық мәдени мұрамызды жаңғыртып, өлең мен жырдың киелі бесігін тербеп келе жатқан шығармашылық орталық.

Қазіргі таңда Жазушылар одағы –  1015 мүшесі бар еліміздегі ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевбұған дейін «Жазушылар одағы – ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ» деп осынау тарихы терең ұйымға жоғары баға берген.

Одақтың 90 жылдығына мерейтойға алыс-жақын шетелдік қонақтар – ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы,ТМД және Еуропа елдерінің Жазушылар одақтарының төрағалары, Швеция, Ресей, Түркия, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Татарстан, Башқұртстан елдерінен келген мәдениет пен әдебиет өкілдері, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақын-жазушылар, зиялы қауым мен отандық бизнес өкілдері қатысып, олардың барлығы дерлік сөз сөйлеп, құттықтады.

Жазушылар одағының 90 жылдығына арналған салтанатты жиында «Әдебиет – рухани дамудың қозғаушы күші, қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында баяндама жасаған Одақтың қазіргі төрағасы Мереке Құлкенов «Бүгінде біз Әділетті Қазақстанға қадам бастық. Қазіргі қазақ әдебиеті де жаңару үстінде деп нық сеніммен айта аламыз. Тың да тосын тақырыптар, жаңа жанрлар,  соны стильдер, амбициясы зор авторлар әдеби процеске жаңаша серпін беруде» деп атап өтті.

Перейти к новостям спорта