"Қазақ асты айтыспен, жырмен өткізген": Қарақат Әбілдина мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 501.26
  • 590.38
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ асты айтыспен, жырмен өткізген": Қарақат Әбілдина мәлімдеме жасады

"Қазақ асты айтыспен, жырмен өткізген": Қарақат Әбілдина мәлімдеме жасады

Әкесіне арнап ас берген Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

  • 26 Ақпан
  • 5
Фото: www.instagram.com/karakat_a. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әсерлі жазба жариялаған өнер иесі «құранды тойға айналдырды» деп сынағандарға да жауап берді.

«Биыл әкеміздің өмірден озғанына 20 жыл толып отыр. 15 ақпанда Жаңаарқада қара шаңырақтағы бауырларым әкеміздің аруағына арнап ас берді. Ауылға бара алмай, көңілде бір “әттеген-ай” қалғаны рас. Содан Қыдекең екеуміз ақылдаса келе, әкеміздің туған күнінде рухына арнап Құран бағыштап, өз тарапымыздан да ас беруді жөн санадық.

Қазақтың тарихында аста ат шаптырып, бәйге тіккен, балуандарды күрестірген, айтыспен, жырмен өткізген. Дәл сондай деңдейде өткізбесек те, қасиетті айда туған-туыс, құда-жекжат, дос-жаран, ел ағаларының басын қосып ас берген жайымыз бар. Құран да оқылды, бата да берілді, мәнді мағыналы әндер шырқалған рухани азық сыйлаған жиын болды», — деп жазды ол.

Әнші өзінің жерлес ағаларына да ерекше алғысын білдірді.

«Қазақтың бүгінгі марғасқа тұлғалары Әлихан Бәйменов, Бекболат Тілеухан, Аманжол Әлтай сынды жерлес ағаларымыз да осы астың құрметті қонағы болды. Әкеміздің көзін көріп, анамыздың қолынан дәм татқан арда азаматтардың айтқан жылы естелігі, ақ тілегі сөз түсінетін адамға нағыз өнеге.

Асыл ағаларымыздың жүректен шығып жүрекке жеткен сөздерін қысқартуға болмайды. Десе де жинақтап ұсынып отырмын. Менің парақшамда сақталуға тиіс тарихи сәт деп білем.

Ата-аналарымыздың әруағына арналған асқа келіп, Құран ішінде болған барша жанға шынайы алғыс айтамын. Әкеміздің рухы шат болсын. Жаны жәннаттың төрінде болсын. Әумин «, — деп жазды Қарақат Әбілдина.