Қазақ киіз үйі халықаралық марапатқа ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 536.76
  • 630.85
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ киіз үйі халықаралық марапатқа ие болды

Қазақ киіз үйі халықаралық марапатқа ие болды

Алматылық заманауи қазақ киіз үйі жобасы Design Educates Awards 2025 халықаралық премиясында "Architectural Design" (Архитектуралық дизайн) аталымы бойынша жеңімпаз атанды

  • 20 Шiлде
  • 8
ФОТО: designеducates

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сыйлықтың ресми сайтында айтылғандай, байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген жобалар қатысқан.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жобалар тек көркем бейнесімен емес, білім беру мен мәдени құндылықтарды жеткізе алуымен де ерекшеленеді. Осы себепті дәстүрлі қазақ үйінің заманауи интерпретациясы ұлттық дәстүр мен қазіргі заман идеяларын үйлестіре білген сәулет үлгісі ретінде танылған.

«Киіз үйдің жоспарлануы 25 шаршы метрлік аумақты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді — ұйықтайтын және жұмыс аймақтары шеткері орналасқан, ал асүй мен әжетхана орталыққа топтастырылған», – делінген Design Educates Awards 2025 сайтында.

Жоба экологиялық таза материалдар негізінде жасалған. Мысалы, қабырға панельдері базальт талшығынан жасалған жылу оқшаулағыш қабаты бар желімделген фанерадан құрастырылған.

Перейти к новостям спорта