"Қазақ құрбандық шалуға міндетті емес": Құрбандық шалуға онлайн сайт ашқан ҚМДБ-ны халық сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақ құрбандық шалуға міндетті емес": Құрбандық шалуға онлайн сайт ашқан ҚМДБ-ны халық сынға алды

"Қазақ құрбандық шалуға міндетті емес": Құрбандық шалуға онлайн сайт ашқан ҚМДБ-ны халық сынға алды

ҚМДБ құрбандық шалудың онлайн және офлайн түрлері барын жариялады.

  • 13 Маусым
  • 524
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ҚМДБ-ны құрбан шалу үшін онлайн сайт ашты деп әбден сынады.

ҚМДБ құрбандық шалудың онлайн және офлайн түрлері барын «qurban 2024» сайтында жариялаған.

Қой бағасы Астана халқы үшін 75 мың, Алматы қаласы тұрғындары үшін 72 мың деп белгілеген.

Онлайн құрбандық шалу үшін банк қосымшасы арқылы ақша аударасыз.

Төлем өткесін сізге «шалған құрбандығыңыз қабыл болсын» деген смс келеді, болды.

Сосын құрбандықты 85 грамм алтыны, 40 қойы, 30 қарамалы немесе 5 түйесі бар бай шалуы тиіс.

Өзі мұқтаж қазақ құрбандық шалуға міндетті емес, біліңдер осыны!», деп жазды.

«Дін имандылық пен мейірімнің ордасы емес таза харам бизнес болып кетті ғой», «Алдап, арбау бизнесі», «Діннің таза бизнес екенін осыдан ақ ұғатын уақыт болды ғой айналайын қазақтарым-ау», деп пікірлерін жазды оқырмандар.

ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Ханафи мәзһабы бойынша құрбан айт күндері құрбан шалу муқим (жолаушы емес), бай, азат мұсылман адамға уәжіп (міндет) болады[1].

Алла Тағала Құран Кәрімде:

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ

«Ендеше, Раббың үшін намаз оқы да, құрбан шал!»[2] – деп бұйырды.  Бұл жердегі бұйрық рай уәжіп (міндет) үкімін білдіреді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) міндеттелген нәрсе, үмметіне де – міндет. Өйткені ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметіне үлгі ретінде жіберілген[3].

Сондай-ақ, Алла Тағала былай дейді:

… وَيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ فِي أَيَّامٍ مَّعْلُومَاتٍ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّن بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۖ فَكُلُوا مِنْهَا وَأَطْعِمُوا الْبَائِسَ الْفَقِيرَ

«… сондай-ақ, Алланың өздеріне ризық етіп берген малды белгілі күндерде Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын. Сөйтіп, құрбандыққа шалынған малдың етінен өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге де жегізіңдер»[4].

Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабалары бұл ғибадаттың мәнін сұрағанда: «Құрбан шалу – Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) бабаларыңның салып кеткен жолы. Құрбандыққа шалған малдарыңның әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар»[5], – деп жауап берген.

Ханафи фиқһ ғалымдары бұл бұйрықтың мұсылман үмбетіне де қатысты екенін айтып, құрбан шалуды уәжіп (міндетті құлшылық) ретінде қарастырған. Бұны Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): 

مَنْ وجدَ سَعَةً فلَم يُضَحِّ فلا يَقْرَبنَّ مُصَلاَّنا

«Жағдайы бола тұра құрбандық мал шалмаған кісі біздің мешітімізге жақындамасын»[6], – деп қатаң ескерткен.

Ал Имам Юсуф пен Имам Мұхаммедтің бір көзқарасында және малики мен шафиғи мәзһабтарында құрбан шалу – сүннет. Олар дәлел ретінде мына хадисті келтіреді:

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إذا رَأَيْتُمْ هِلالَ ذِي الحِجَّةِ وأَرادَ أحَدُكُمْ أنْ يُضَحِّيَ فَلْيُمْسِكْ عن شَعْرِهِ وأَظْفارِهِ

«Сендерден зұл-хижжә айын көріп, құрбан шалуды қалаған адам оның (құрбандықтың) жүні мен тұяғын ұстасын», – деген[7]. «Құрбан шалуды қалаған» деп айту шариғатымыздың бұл істі міндеттемейтінін білдіреді[8]. Сондай-ақ, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған үш нәрсе міндеттелді, ал сендер үшін нәпіл (ерікті құлшылық). Олар: үтір намазы, құрбан шалу және құрбан айт намазы», – деген[9].