Қазақ қыздары арасында тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген - Назым Қызайбай - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қыздары арасында тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген - Назым Қызайбай

Қазақ қыздары арасында тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келген - Назым Қызайбай

Париж Олимпиадасының жартылай финалында қытайлық У Юге есе жіберген Назым Қызайбай пікірін білдірді.

  • 7 Тамыз
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

“Әйелдер боксынан қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атану арманым болды. Дзюдошы қыздармен Парижде жолыққанда да соны бір бірімізге тіледік.

Қазір өзіме аса көңілім толып тұрған жоқ. Өйткені алтын алғым келді және жеңуге болатын қарсылас еді. Алайда қытай қызы жекпе жек барысында алдап кетті. Оған қоса менде “қолаға жеттің, енді алтын алу керек” деген жүктеме тұрғандай болды. Сол кедергі келтіргендей.

Жеңсем де, жеңілсем де қасымнан табылатын отбасыма, достарыма рахмет айтамын!

Жеңісімді маған қолдау көрсеткен көпшілікке арнаймын!”.