Қазақ қызы шіркеуде неке қию рәсімінен өтіп, антын қазақ тілінде айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қызы шіркеуде неке қию рәсімінен өтіп, антын қазақ тілінде айтты

Қазақ қызы шіркеуде неке қию рәсімінен өтіп, антын қазақ тілінде айтты

Әлеуметтік желілерде интернационалдық үйлену тойының видеосы кең таралып жатыр.

  • 15 Мамыр
  • 125
Newtimes.kz

Видеода қазақстандық қалыңдық Айгерім шіркеуде неке қию рәсіміне қатысып, некелесу антын қазақ тілінде айтқан сәті бейнеленген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Белгілі болғандай, Айгерім польшалық азаматқа тұрмысқа шыққан. Бұл ерекше сәт желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бірі таңданысын жасырмаса, енді бірі мақтанышпен қабылдаған. Дегенмен, көпшілік жас жұбайларға шын жүректен бақыт пен береке, ұзақ әрі тату өмір тіледі.

Қалыңдық Newtimes.kz сайтына берген сұхбатында шіркеуде ант бергенімен, мұсылман болып қалғанын айтты.

Қарағанды қаласының тумасы Айгерім Польшадағы Сташув қаласында католик шіркеуінде некесін қиып, некелік антын қазақ тілінде айтты. Бұл — осы шіркеу тарихында алғаш рет қазақ тілі естілген ерекше жағдай.

Айгерім өз махаббаты Марчинмен католик дәстүріне сай үйлену тойын өткізгенімен, маңызды бір шарт қойды — антын ана тілінде, яғни қазақша айту. Ол өз сөзінде Алланы атап, өз дінінен үзінді келтірген. Айгерімге бұл сәтте оның егіз әпкесі көмектесіп, «махаббат гимнін» қазақ тілінде оқып берген.

«Мен үшін қонақтарымның қазақ тілін естуі маңызды болды», — дейді Айгерім.

Сонымен қатар ол дінін ауыстырмағанын баса айтып өтті:

«Мен әлі де мұсылманмын. Дінімді өзгертпедім. Дін қызметкері менің дінім католикке тұрмысқа шығуға рұқсат бере ме деп сұрады. Мен “жоқ, рұқсат бермейді” деп жауап бердім. Бірақ мен Марчинді сүйемін. Мен үшін ең үлкен бата ол — ата-анамның батасы. Олар менің таңдауымды қолдайды және оның қандай адам екенін біледі», — деді ол.

Видео осы сілтемеде: Instagram