Қазақ неге сиыр етін жемеген? Тарихшы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ неге сиыр етін жемеген? Тарихшы айтып берді

Қазақ неге сиыр етін жемеген? Тарихшы айтып берді

Тарихшы Ахмет Тоқтабай қазақтар не себепті сиыр етін жемегенін айтып берді.

  • 2 Желтоқсан
  • 16
Screenshot

Бұл туралы ол Qalam YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”19 ғасырдың аяғында, 20 ғасырдың басында орыстардың қазақ жерін зерттегені сондай экпедициялары бар, көп жүрді. Сол кезде былай дейді: “Қазақтың байығанын мынадан көруге болады. Ол бірінші қысқа соғымға міндетті түрде жылқы сояды. Содан кейін жай ат мінбей, жорға ат мінеді. Содан кейін көп қымыз ішеді. Осыдан қазақтың бай, ауқатты екені, солардың қатарына қосылғаны осы факторлардан байқалады. Содан кейін қазақ сиырды кедейдің асы” дейді. Дәл солай жазған. Қазақ сиырдың етін аса көп жемейді. Бұрын жемеген. Кеңес үкіметі келгесін бәріміз жейтін болдық қой”, — деді тарихшы.

Перейти к новостям спорта