Негі біздің сахнамыз осыншама майдаланып кеткен. Арзан әзілге арзан күлкіге жиналған жұртқа жаным ашыды, деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай. Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Ақтөбе қаласының өнер орталығында өз концертін беріп жүрген Әзілкештер Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппар бауырымыздың әзілкешін тамашалап қайттық. Репертуарында бір толыққанды мақсатты көздеген сценарий жоқтың қасы. Бата сұрап бата берген атаға шапан жапты әзілдеседе әкеме жаппаған шапанды танымайтын біреуге жаптым деп әзіл шыны аралас қайта қайта өкінумен болды.
Әңгіме арқауы Қанаттың әйелі Нұргүл болды мақтағаны да даттағаны да белгісіз сосын анасын әжуаға айналдырып біраз “Қалаулымды” жарнамалады. Мен өзге ешқандай керемет әзіл қалжың жарасымдылық көрмедім.
Неге біздің сахнамыз осынша майдаланып кеткен? Қандай да бір қойылым, концерт тәрбиеге, тағлымға толы сүйсініп тыңдап, тамсанып қайтуға тұрарлық болмай ма?
Бір кино ойнаған екен, соны көбірек тілге тиек етті онда түрмеге түскен тұтқындалғаннан өзге ештеңе тағы болмайтын тәрізді. Сонда бұлар кино ойнаса неге түрмеге түсіп тұтқын болуды армандайды. Осындай кештерге неге тосқауыл болып сараптамайды екен деген ойға қалдым.
Телефонға түсірмеңдер деген ескерту жасады, әрине мына арзан әзілдерін, әзіл емес-ау сөздерін түсіріп салсақ екінші адам көргісі келмей қалады да ақшалары аз болып қалатынын өздері сөзсіз түсініп тұр-ау шамасы», — деп шүйлікті журналист.