Қазаққа бүкіл әлем тамсанып отырған Димаштай ұл берді. Қайдағы бір Собчактың артынан жүгіріп не болды? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазаққа бүкіл әлем тамсанып отырған Димаштай ұл берді. Қайдағы бір Собчактың артынан жүгіріп не болды?

Қазаққа бүкіл әлем тамсанып отырған Димаштай ұл берді. Қайдағы бір Собчактың артынан жүгіріп не болды?

Кешегі сотқа Собчак келді. Біздің кей журналистер де қызық. Микрофондарын алып, “осы сотқа арнайы келдіңіз бе?”-деп, артынан жүгіріп жүр. Анау кердең-кердең етіп, “я на вопросы не отвечаю” деп, біздікілерге мұрнын шүйіріп, кетіп бара жатыр.

  • 23 Сәуiр
  • 29
Фото: ашық дереккөз

Осы жағдай заңгер Ляззат Ахатованың намысына тиіпті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айналайындар-ау, Алла қазаққа бүкіл әлем тамсанып отырған Димаштай ұл берді. Ресейдегі концертіне билет таппай, халқы сарсаңға түсіп жүгіріп жүргенде, қайдағы біреуге жүгіретіндей не көрінді? Біздің журналистер есік жақта сығалап түсіріп жүрсе, ол шіркінің бүкіл командасымен төрде отыр. Қонақты сыйлаған халық болғасын, отырғызған шығар дедік. Ақпарат министрі Ксенияның келгенін де білмейді. Әрине білетіндей кім еді? Біздің қазақ тілді журналистер “неге біз есік жақта, Ресейден келген журналист төрде отыру керек?”, -деп, министрдің алқымынан алып жатқанын көріп, көңілім орнына түсіп, риза боп қалдым. Аида ханым мен оның келгенін білмедім, тексереміз деп, ақталып жатыр.

Ксения Собчак Қазақстанға не үшін келгеніне өзі пікір білдірді.

«Біз ешкіммен байланысты емеспіз. Бізді сотқа ешкім шақырған жоқ. Айыптаушы тарап та, қорғаушы тараптың да қатысы жоқ. Мен Жоғарғы Сот арқылы аккредиттеу рәсімінен өттім, менің командам баспасөз хатшысымен байланыста болды. Олар бізге белгілеген орынға отырдық. Ал бүгін нағыз сот отырысы болды. Бұл туралы сәл кейінірек міндетті түрде айтамыз», — деді ол.

Судья Айжан ханымға респект! Осы уақытқа дейінгі айтылған сындарға ренжімей, керісінше барған сайын төселіп, кәнігі профессионал судьяның бейнесін көрсетіп жатыр. Сын адамды қатайтып, түзейді ғой, егер дұрыс қабылдай алса. Ешкімнің алдында ұялатындай емес, қайта қазақстандық сот осындай деп марқайып көрсететін сотты көрдік, кеше. Табандылық пен еңбектің, ізденістің, өзін-өзі кәсіби шыңдаудың нәтижесі сондай болады.

Ал енді сот неге орысша өтеді деп шулап жатыр бір кісілер. Оған судья кінәлі емес. Демек іс о баста орысша қозғалған. Жәбірленуші тарап, айыпталушы тарап өздері білетін тілді таңдаған. Ал Айжан Күлбаева қазақша өте жақсы біледі. Екі тілде таза сөйлейді. Қазақша жүргізген ісіне қатысып, “елордада мемлекеттік тілде тап-таза, жатық сөйлейтін судьяны көрдім” деп, кезінде пост жазып тастағам, қуанғаннан. Сол кезден бастап Күлбаева ханым туралы пікірім жоғары еді. Сауаттылығына, нағыз судьяның қандай болатынын көрсететін артық нәрсе жоқ сырт келбетінен бастап, жүріс-тұрысы, сөз саптауына риза көңіліміз ең алғашқы онлайн процестегі әйелін өлтіргені үшін сотталып жатқан адамға қойған “семейное положение” деген сұрағынан су сепкендей болғаны рас. Билік өзгертіп, ізденуден қалған ба деген ой болды. Ал бара-бара бастапқы көзқарасым қалпына келе бастағанына өзім қуанып жүрмін. Процессуалдық тұрғыда кеткен қателіктер болуы да заңдылық. “На ошибках учатся” дейді. Басқа заңгерлердің сын айтуы да заңдылық. “Два юриста — три мнения” деген бар. Жалпы алғанда өз орнында отырған мықты маман екенін дәлелдеген тұлға.

Айжан Күлбаеваның да телефонына белгісіз нөмірден жазып, қоқан-лоққы көрсетіп жатқандар бар екен. Қылмыстық іс қозғалыпты. Кімдер екені анықталар.