"Қазақмыс" жұмысшылары қысым жасалып жатқанын айтып, Президентке үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақмыс" жұмысшылары қысым жасалып жатқанын айтып, Президентке үндеу жасады

"Қазақмыс" жұмысшылары қысым жасалып жатқанын айтып, Президентке үндеу жасады

Кеншілердің басты талабы - жалақыны көтеру.

  • 23 Желтоқсан
  • 7
Фото: видеодан алынған

Кеншілердің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сәтпаев қаласында «Қазақмыс» кеншілері ереуілге шыққан еді. Ереуілге халықаралық нарықтағы мыс құнының, доллар бағамының өсуі және өнімдер мен коммуналдық қызметтердің қымбаттауы түрткі болған.

«Қазақмыс» корпорациясының «Оңтүстік Қазақстан» филиалының №65 шахтасының «Жезқазғанцветмет» кенішінде 200-ден астам жұмысын тоқтатқан.

Жұмысшылардың басты талабы жалақыны кем дегенде 30%-ға көтеру болған. Кейіннен бұл талап өзгеріп, жалақыны 100%-ға арттыру талап етілді. Олар өздеріне қысым көрсетпеуді де талап етті.

Алайда ереуілге шыққан жұмысшылардың талабы орындалмайтын болды. «Қазақмыс» корпорациясы жұмысшылардың жалақыны көтеру туралы талабын орындаудан бас тартты.

«Кездесу барысында олар «Жезқазғанцветмет» мекемесіндегі ең төменгі жалақы 363 мың теңге екенін, ал медиандық жалақы 650 мың теңге екенін айтты. Ұлытау облысындағы медиандық жалақы — 404 105 теңге. Ал Қазақстан бойынша медиандық жалақы бұдан екі есе төмен — 285 677 теңге», — делінген хабарламада.

Кеншілердің ереулі мұнымен тоқтаған жоқ. Ал Еңбек министрлігі ереуілге шыққан «Қазақмыс» кеншілерін айыптады.

«Жұмыскерлердің бұл әрекеті еңбек заңнамасындағы талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұзып жүргізілді», — делінген мәлімдемеде.

Кейінірек әлеуметтік желіде Қарағандының кеншілері ереуілге шыққан видеосы тарады. Asia FerroAlloys зауытының 40-қа жуық жұмысшысы 20 желтоқсанда жұмысын тоқтатқан. Жұмысшылардың басты талабы жалақыны кем дегенде 50%-ға көтеру және 13-ші жалақыны төлеу. Компания бүгін жауабын береді деп күтілуде.

Ал «Қазақмыс» жұмысшылары өздеріне қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеп, Президентке үндеу жолдады. Сондай-ақ ең төменгі жалақы «800 мың теңге» деген ақпаратты жоққа шығарды.