"Қазақпын деген қыздың бәрін ғашық еткен": Тамара Асар Мұхамеджан Тазабекті жер-көкке сыйғызбай мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.45
  • 598.59
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақпын деген қыздың бәрін ғашық еткен": Тамара Асар Мұхамеджан Тазабекті жер-көкке сыйғызбай мақтады

"Қазақпын деген қыздың бәрін ғашық еткен": Тамара Асар Мұхамеджан Тазабекті жер-көкке сыйғызбай мақтады

Мұхамеджан Тазабек Фатима есімді қызын ұзатты.

  • 16 Мамыр
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Айтыскер ақынның өнердегі достары да қатысқан тойда Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің жігіттің шағындағы серілігін айтып, мақтады.

«Мұхаңның беделін бөлек айтайын. 93 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын», — деді Тамара Асар.

Желі қолданушылары мен ақынның қызына бақыт тілеп, ізгі тілектерін жаудыруда.

«Қызыңыз бақытты болсын, бізге жұғысты болсын», «Тамара Асар қандай әдемі, достық тілек айтты. Керемет», «Той құтты болсын, жастар бақытты болсын», «Сіздің сері, қыздардың арманы болғаныңызға күмәніміз болмаған», — деп жазды олар.