Қазақсанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 6%-ға жетті — ҰЭМ - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақсанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 6%-ға жетті — ҰЭМ

Қазақсанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 6%-ға жетті — ҰЭМ

Еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары жарияланды

  • 12 Мамыр
  • 3
Фото: freepik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді.

Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді.

Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2%-ды құрады. Сонымен қатар құрылыс кезеңін ескере отырып, жұмыстарды орындау қарқынын арттыру және жобалар құнының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жерлерде қажетті үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.

— Сауда саласы бірінші тоқсандағы 6,3%-ға қарағанда 7% тұрақты өсуді көрсетті. Көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға дейін өсті. Бірқатар өңір: Түркістан облысы — жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%; Ақмола облысы — астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44%; Шымкент — дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ға жоғары өсімді көрсетті, — делінген хабарламада.

Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4% жетті. Өсім тау-кен секторында — 7,1%, атап айтқанда көмір өндіруді ұлғайту есебінен (11,2%) байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш 7,2% құрайды, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу (12%), темекі өнімдерін (26,3%), химиялық өнімдерді өндіру (11,2%) және машина жасау (11,2%)

Ауыл шаруашылығы оң динамиканы көрсетіп келеді. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9%-ды құрады.

Үкімет Президенттің еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының сапалы іске асырылуын бақылауда ұстайды.