"Қазақша сөйлейтіндердің сауаты төмен" - қаржыгер - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақша сөйлейтіндердің сауаты төмен" - қаржыгер

"Қазақша сөйлейтіндердің сауаты төмен" - қаржыгер

Қаржыгер Күнекей Нұрлан қазақстандықтардың экономикалық сауаты туралы айтты.

  • 22 Сәуiр
  • 92
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біз талдау жасағанбыз. Бұл енді жылайтын нәрсе. Қазақша сөйлейтіндердің өкінішке орай сауаты төмен. Бұл өзімнің жеке статистикалық талдауым, барша деп айта алмаймын. Өйткені, қаржыға байланысты көптеген терминдерді түсінбейді, мінез-құлқы өзгеше. Курсты қараудың мерзімі тіпті соның өзі қысқа. Шымдамдылық жоқ, тез-тез нәтиже керек. «Осы курсты алсам сіз сияқты бай боламын» деген ұстанымдары бар. Тәртіптік, жүйелік, өзін-өзі ұстау, шымдамды әрбір этаптан өту деген өте төмен деңгейде. Ал орысша аудитория тіпті тегін ақпараттан пәтер алып, алғыс айтып жатады. Бірақ, қазақша сөйлейтін аудиторияның да сауатын ашуға әрекет жасау керек. Ол үшін мінез-құлықты, көзқарасты өзгерту керек. Тез болатын нәтижеге жүгінбей, сол жүйелікпен көшпенді әдісімізді кішкене шегеріп, стратегиялық ойлауды дамыту қажет. Бұл да өте маңызды», — деді қаржыгер.

Сұхбат барысында қаржыгер миллиондаған оқырмандары бар қазақтілді блогерлерді үкімет қадағалау керек екенін айтты. Оның сөзінше блогер заңсыз лоторея ұйымдастыруда.

«Миллиондаған оқырманы бар блогерлерді қадағалау керек. Әрбір аймақтық талдау жүргізген кезде сол аймаққа сәйкес мінездері де әртүрлі. Шымкентте көптеген блогерлер ойын жасап, тұрақсыз курстар жасап ұтыс ойнатуда. Бұл дегеніміз заңсыз іс. «Курс сатамын, бірақ көлік ұтып аласыздар» деп жатады. Адам курсты алу үшін емес көлікті алу үшін алады. Бұл деген заң бұзушылық, бұл лоторея. Кіріс комитеті қадағалау керек және сол блогерлердің не айтып жатқанын да қадағалау керек»,- деді қаржыгер.