“Қазақша субтитр жай ғана талапты орындау үшін жасалады” - Мұрат Есжан - kaz.caravan.kz
  • $ 538.03
  • 629.23
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қазақша субтитр жай ғана талапты орындау үшін жасалады” - Мұрат Есжан

“Қазақша субтитр жай ғана талапты орындау үшін жасалады” - Мұрат Есжан

Режиссер, сценарист Мұрат Есжан Qogam dauysy подкастында қазақ тіліндегі субтитр сапасының сын көтермейтінін айтып, бұл мәселенің салғырт қаралып жатқанын сынға алды

  • 13 Шiлде
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мұрат Есжанның айтуынша, қазіргі сериалдар мен фильмдерде тіл мәселесі мүлде назардан тыс қалып отыр. Оның пікірінше, кинотеатрда қазақша субтитрді оқып отырып, ұялатын жағдайлар жиі кездеседі. Себебі аударма шала, сауатсыз, мектептегі білім деңгейіндегі адам аудара салғандай әсер қалдырады.

— Бұл жерде әркім өз білгенінше істей берсін деп айта алмайсың ғой. Осы мәселені айтсаң, бірден “қазақша сөйлешник” болып шығасың. Олай болмауы керек қой, — дейді ол.

Режиссер қазақша субтитрдің қазіргі таңда тек заң талабын орындау үшін жасалатынын, шынайы қажеттілік пен құрмет жоқ екенін атап өтті.

— Оны жасап жатқан адамдардың өзі “Әй, әйтеуір тұр ма, тұр” деп қарайды. Ал мен қазақша субтитр болмаса, фильмді мүлде түсінбейтін адамдарды білемін, — дейді Мұрат Есжан.

Перейти к новостям спорта