Қазақстан 1 қаңтардан бастап БРИКС серіктесі болады. Қаупі бар ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 1 қаңтардан бастап БРИКС серіктесі болады. Қаупі бар ма?

Қазақстан 1 қаңтардан бастап БРИКС серіктесі болады. Қаупі бар ма?

Атауы Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка елдерінің бірінші әріптерінен құралған.

  • 25 Желтоқсан 2024
  • 7
Фото: @askerenews

БРИКС – ірі дамушы экономикалардан құралған халықаралық ұйым. Қазақстан келесі жылдан бастып БРИКС серіктесі болса, қауіпті ме? Caravan.kz медиа порталы толық тарқатады.

Бұл туралы «Әшкере» телеграм арнасы жазды.

Ал биыл Қазанда өткен саммитте 13 серіктес ел санаты ұсынылды. Маңызды тұсы серіктес мәртебесі ұйым мүшесі болумен бірдей емес, бірақ Қазақстан:

-БРИКС аясында өтетін іс-шараларға қатыса алады.
-Сауда, инвестиция және инфрақұрылымдық жобалар бойынша ұйым елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатады.
-Әлемдік мәселелерді талқылауда өз пікірін білдіре алады, бұл оның халықаралық беделін күшейтеді.

Енді қаупіне тоқталсақ, біріншіден, бұл БРИКС елдері арасындағы шиеленіс.

Мысалы Қытай мен Үндістанды айтсақ болады: Екі ел арасында ұзақ уақыттан бері шекаралық даулар бар (мысалы, Гималай аймағындағы Ладакх шекарасының мәселесі). Бұл шиеленіс күшейсе, олардың бірлескен экономикалық жобаларына кедергі келтіруі мүмкін. Қазақстан осындай жобалардың қатысушысы болса, бұл қаржылық және сауда байланыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Тағы бірі – Ресей және Батыс санкциялары: Ресейдің Украинамен соғысы және оған қарсы халықаралық санкциялар БРИКС елдері арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді. Қазақстанның Ресеймен тығыз сауда байланысы бар. Ал санкциялар БРИКС елдерімен тең серіктестік құруына кедергі келтіруі мүмкін.

Осы шиеленістер кезінде Қазақстанның кімнің мүддесін қолдайтынына байланысты дипломатиялық қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл елдің бейтарап сыртқы саясатына қысым деген сөз.

Трампты да ұмытпау керек, саясаткер БРИКС-ті АҚШ-қа қарсы экономикалық альянс ретінде қабылдауы ғажап емес. Сөйтіп оның бірлігін бұзу үшін қысым жасау немесе жеке елдермен екіжақты келіссөздер арқылы оны бөлшектеуге ұмтылуы мүмкін. Мұның Қазақстанға әсері болмауы мүмкін емес.

Перейти к новостям спорта