Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің бюджет туралы анықтамасында айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Құжаттағы мәлімет бойынша, ведомствоның үш жылдық бюджеті 995,4 млрд теңге болып белгіленген. Соның ішінде 2024 жылға теңге, 2025 жылға 272,5 млрд теңге, 2026 жылға 263,7 млрд теңге қарастырылған.
Биылға бөлінген 459,2 млрд теңгенің қалай игерілгеніне көз салсақ, ішінде форумдар өткізу, халықаралық қордың акциясын сатып алу шығындары бар.
Мысалы, Түркі инвестициялық қорының акцияларын сатып алуға 2,3 млрд теңге жұмсалған. 10 тақырып бойынша аналитикалық зерттеу жүргізуге 1,4 млрд теңге бағытталған. «Астана» халықаралық форумын өткізуге де дәл осынша қаражат кеткен.
Standard&Poor’s, Fitch және Moody’s халықаралық рейтинг агенттіктерімен жұмысқа 1 млрд теңге бөлінген.
Биылғы шығынның ең үлкен бөлігі «Ауыл-Ел бесігі» жобасына бағытталған – 76,9 млрд теңге. Бұл қаражат ауылдардың инфрақұрылымын ретке келтіруге кеткенін айту керек.
Ал облыс орталықтарында инженерлік коммуникациялар жүргізуге 35,2 млрд теңге жұмсалған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына 30 млрд теңге, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола облысының агломерацияларын дамытуға 23,9 млрд теңге, моноқалалар мен шағын қалаларда инфрақұрылымын жетілдіруге 22,8 млрд теңге бөлінген.