Қазақстан АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылына қатысты көзқарасын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылына қатысты көзқарасын жария етті

Қазақстан АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылына қатысты көзқарасын жария етті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалдың күрделенуіне байланысты мәлімдеме жасады.

  • 23 Маусым
  • 8
Фото: astanatv.kz

АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде, халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалып отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытып жатыр. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан «ядролық қарудың таралуына жол бермес үшін» және «оны таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында» тараптарды тезірек келісімге келуге шақырған.

Перейти к новостям спорта