Қазақстан әскері қашан толық қазақшаланады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+28 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әскері қашан толық қазақшаланады

Қазақстан әскері қашан толық қазақшаланады

Бүгінде әскери оқу орындарында курсанттардың 70 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. 

  • 12 Ақпан
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев әскердегі ана тілдің жағдайына қатысты сауал қойды. Мәселе әскер және әскери оқу орындарындағы оқулықтардың дені орыс тілінде болып отыр.

— Әскерді қазақшалау басталып кеткен. Бүгінде әскери оқу орындарында 70% қазақ тілінде білім беріледі. Оқулықтарға келсек, әрбір әскери техниканың нұсқаулығы, техникалық мінездемесі қазақ тілінде. 70 пайыздан көтеру жоспарда бар, — деп қысқа қайырды министрдің орынбасары. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қорғаныс министрлігі Кенесары хан, Сағадат Нұрмағамбетов пен Бауыржан Момышұлының соғыс тәсілдерін зерттеп жатыр.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңы мен «2024 жылғы 14 ақпандағы БҰҰ-ның бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хаттар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» заңы қабылданды.