"Қазақстан Ауғанстан сияқты ел екен ғой": Халық Сметовтың жасаған сәждесін қателік деп сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан Ауғанстан сияқты ел екен ғой": Халық Сметовтың жасаған сәждесін қателік деп сынады

"Қазақстан Ауғанстан сияқты ел екен ғой": Халық Сметовтың жасаған сәждесін қателік деп сынады

Елдос Сметов Париждегі 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды. Дегенмен, халық арасынан оның жасаған діни ишаратына сын айтқандар болды.

  • 31 Шiлде
  • 4256
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Әбдірашит Бәкірұлының фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Барған еліңнің мәдениетін сыйлау — мәдениеттілік белгісі

Францияда 2019 ж. 41%-христиан-католиктер, дінді ұстанбайтындар — 40%, мұсылмандар — 5%, лютерандар — 2%, православтар — 2%, басқа христиандар — 2%, иудеистер -1%, буддистер — 1%.

Ендеше, ол жерде аренада діни ритуалды жасаған кезде Елдостың өнеріне риза болып отырған арена толы адамдардың қуаныштары сап тиылды.

Үндемей қалды көбі…

Өйткені, осының алдында ғана ол жерде содырлық болды.

Көп христиандар оны мұсылмандармен байланыстырғаны да жасырын емес…

Бұған дейін де, болған содырлықтар исламмен байланысты болып келгендері қаншама. Оны олар ұмыта салмайды ғой.

Осы жағдайда олар Елдостың тоңқайған «діни ишарасын» қалайша бей-жай қабылдай салады?

Оны көргендердің көбі «Қазақстан Ауғанстан сияқты ел екен ғой» деп ой түйеді де, оны барған жерінде айтып жүреді…

Осындай нәзік саяси-діни астарды ұқпайтын және қалың жанкүйерлер психологиясын ескермейтін біздің жаттырушылар біршама сауатсыз ба деп қалдым…

Болмаса, олар Елдосты «Сен нағыз қазақ сияқты тізе бүкпей-ақ екі қолыңды аспанға қарата көтерсең жеткілікті» дер еді ғой.

Бұл, жалпы, «Құдайды мойындаудың әлемдік үлгісі» сияқты халықаралық діни символ.

Сондықтан, біз болашақ чемпиондарға осыны ескеріңдер деп сұраймыз.

Одан өзге, «Қолдарыңды жүрекке қойып, барша жанкүйерге бас иіп, алғысыңды білдіріңдер» деп айтқым келеді…

Сонда, ол жерде отырған әлемнің бар түкпірінен келгендердің бәрі жоғары ризашылық сезімге бөленеді.

Қазақстан туралы да өте жоғары пікірде елдеріне қайтады…

Біздің спортшыларға осындай «саяси-идеологиялық сабақ» айтатын адам табылмағаны ма?

Өкінішті», деп жазды.

«Дұрыс айтасыз, қолдаймын. Дін ұстансаң да діни надандықты ұстанбау керек», «Өте дұрыс айтасыз. Спортшылардың көпшілігі діни фанатизмммен уланып қалған секілді. Бізге арабқұл чемпион емес, қазақ чемпион керек», «Ал ол ұтылып қалса, бұл пост жазылмайтын еді. Жеңіс әкелді бастысы!», деп оқырмандар пікірлерін білдірді.