Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ауғанстанның Балх провинциясындағы Хайратон станциясында гуманитарлық жүк ауған тарапына берілді.
«Темір жолмен жеткізілген жүктің жалпы көлемі – 2,2 мың тонна. Бұлар – өсімдік майы, бидай ұны, күріш жармасы, қысқы және жазғы шатырлар, көрпелер. Дәрілік заттар бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі әуе көлігімен жіберілмек», — дейді ведомство.
Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің жәрдемімен көрсетілді.

Гуманитарная помощь прибыла из Казахстана в Афганистан
© Photo : пресс-служба МИД Казахстана
Екі тарап тек гуманитарлық қана емес, тау-кен өнеркәсібі, көлік, логистика мен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын.
21–23 сәуір аралығында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға барады. Сапар аясында Ауғанстанның ресми тұлғаларымен кездесіп, қазақстандық тауарлардың көрмесін өткізу жоспарланған.