Қазақстан Ауғанстанға автокөлік экспортын бастауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ауғанстанға автокөлік экспортын бастауы мүмкін

Қазақстан Ауғанстанға автокөлік экспортын бастауы мүмкін

Бұл қадам сауда-саттық саясатына оң серпін береді.

  • 24 Қазан
  • 7
Фото: moneyman.ru

2025 жылы еліміз Ауғанстанға автокөлік экспортын бастауы мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Иә, ауған әріптестеріміз бізден автокөліктер жеткізуді ұйымдастыруды сұрады. Кабул қаласының дамуы өте қарқынды жүруде. Құрылыс, сауда салалары өркендеп келеді. Қаржылай мүмкіндігі бар орта тап қалыптасуда. Сол себепті олар біздің жаңа және жүрілген автокөліктерді сататын автоорталықтарды ұйымдастыру үшін кездесулер өткізуді сұрады. Менің ойымша, келесі жылы алғашқы автокөліктерді сатуды бастау мүмкіндігі туындайды», – деді Жұманғарин сәрсенбі күні үкімет брифингінде.

Вице-премьер бұл мәселені Қазақстандағы бірнеше жеткізушімен талқылағанын айтты.

Бірақ алдымен ауған тарапынан сенімді серіктес қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай бизнесті ұйымдастыру үшін жеткізу бағыттарын зерттеу керек.

22 қазанда Алматыда Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы екі елдің өкілдерінің қатысуымен өтті.