Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сейсмикалық станциялар желісі 30 қазанда Қазақстан аумағында жер сілкінгенін растады.
«Астана уақыты бойынша сағат 10:59:08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары: 47,572 N. 75.347 Е. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматының солтүстік-батысынан 500 шақырым жерде орналасқан», — делінген хабарламада.