Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Сүйінші жаңалықпен тележурналист Айгүл Мүкей өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Тұрғын-үй жинақтау жүйесі бойынша 5 пайыздық ипотеканы, Қазақстанда тек Отбасы банкпен алу мүмкін болатын. Бірақ енді мұндай мүмкіндік басқа да екінші деңгейлі банктерге беріле бастады.
Мұндай бағдарламаны енгізушілердің бірі — Freedom банк болып отыр. Бұл туралы бүгін банк өкілдері форумда мәлімдеді. Олардың айтуынша, 5%-дық мөлшерлемесі бар ипотеканы алу үшін, банкте депозит ашу керек.
Олар бұл бағдарламаны BI Group-пен бірлесіп жасайтын болады», — деді ол.