Қазақстан азаматтығын алу кезінде қазақ тілін білуге қойылатын талап жеңілдетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан азаматтығын алу кезінде қазақ тілін білуге қойылатын талап жеңілдетіледі

Қазақстан азаматтығын алу кезінде қазақ тілін білуге қойылатын талап жеңілдетіледі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізіледі.

  • 14 Шiлде
  • 4
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатта мемлекеттік тілге қойылатын талап төмендетілетіні айтылған.

Азаматтық алу үшін үміткерлер:

Қазақ тілі бойынша — кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болған);

Конституция негіздері бойынша — 20 балл (бұрын 9 балл);

Қазақстан тарихы бойынша — 15 балл (бұл талап өзгеріссіз қалды) жинауы қажет.

«Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлерді тестілеудің әрбір пәні бойынша сұрақтар санының максималды тең қатынасын қамтамасыз етуге және шекті деңгейді 10%-ке төмендетуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті министрлік.

Бұйрық жобасы 25 шілдеге дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауда болады.

Перейти к новостям спорта