Қазақстан бокстан U19 қыздар арасындағы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бокстан U19 қыздар арасындағы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан бокстан U19 қыздар арасындағы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионаты аяқталды.

  • 10 Тамыз
  • 8
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының өкілдері екі финалда бақ сынап, бір алтын медальға ие болды.

Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты.

Аяжан Ермек ел қоржынына күміс медаль салды. Ол 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында үндістандық Мусканға есе жіберді.

Үшінші орынға Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Құдайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) ие болды.


Перейти к новостям спорта