Қазақстан ғалымдары мақтаның жаңа сұрпын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғалымдары мақтаның жаңа сұрпын шығарды

Қазақстан ғалымдары мақтаның жаңа сұрпын шығарды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Түркістан облысында "Мақтаарал-5027" атты жаңа мақта сұрпы

  • 16 Мамыр
  • 19
ФОТО: Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында «Мақтаарал-5027» атты жаңа мақта сұрпы белсенді түрде енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

«Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясы» ғалымдары шығарған бұл сұрып ерте пісетін топқа жатады, өскіннен бастап алғашқы қауашақтың ашылуына дейін 115–117 күн уақыт кетеді.

«Өнімділігі гектарына 43,4 центнерге дейін жетеді. Сұрып вилт ауруына төзімділігімен ерекшеленеді, ауруға шалдығу деңгейі тек 0,1% құрайды», — деп жазылған хабарламада.

«Мақтаарал-5027» сұрпы талшығының шығымы 37–38%, ұзындығы 33,5–33,7 мм. Бұтасы конус тәрізді, жайылмалы емес, биіктігі 120–125 см. Қауашақтары дөңгелек, сәл бұдырлы, бес жапырақты, жақсы ашылады және пісіп-жетілгенде түспейді. 1000 тұқымның салмағы 122,5–124,2 грамды құрайды.

Аталмыш сұрып мақта көбелегі мен карадринаға төзімді. Сонымен қатар тыңайтқыштарға бейімделген, кеш суаруға төзімді және механикалық жинауға ыңғайлы.