"Қазақстан халқына" қоры 10 мың балаға жазғы демалыс сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.67
  • 592.46
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан халқына" қоры 10 мың балаға жазғы демалыс сыйлады

"Қазақстан халқына" қоры 10 мың балаға жазғы демалыс сыйлады

Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарлануда

  • 8 Сәуiр
  • 8
ФОТО: Қостанай облысының әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылғы жаз мезгілінде еліміз бойынша 3,1 миллионнан астам бала сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтуға бағытталған түрлі бағдарламалармен қамтылады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.

Оның ішінде 500 мыңнан астамы – әлеуметтік осал санаттағы балалар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың бала жазғы демалысын тегін өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Жазғы демалыс бағдарламасы әртүрлі бағыттарды қамтиды және барлық ұйымдастыру шарасы 9 мемлекеттік органның қатысуымен әзірленген бірыңғай жоспар аясында іске асырылады. Осы мақсатта республикалық және өңірлік деңгейдегі штабтар құрылып, биыл жұмысын бастайтын демалыс орталықтарының тізімі жасақталды.

«Биыл жыл бойы жұмыс істейтін 16 лагерь, 188 маусымдық лагерь, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, оның ішінде бірқатарында тамақтандыру қарастырылған, сондай-ақ 512 шатырлы және киіз үй лагерлері кезең-кезеңімен ашылады деп жоспарлануда», — деп жазылған хабарламада.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Санитарлық талаптардың сақталуы, тағам қауіпсіздігі, сондай-ақ су айдындарында, ормандар мен спорт нысандарында сақтық шаралары қатаң бақылауда болады.