«Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы ауысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Лаззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы болып сайланды. Жаңа басшы «Қазақстан халқына» қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Атамекен» ҰКП құрметті қызметкері» медалімен марапатталған. Қоғам қайраткері, Қазақстандағы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және Үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық дамыту саласындағы сарапшы.
«Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», – деді Болат Жәмішев.