Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
—2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компаниялары 13,3 млн жолаушы тасымалдады. Демек, бір жылда Қазақстандағы 20 млн халықтың 66,5%-ы әуе тасымалын пайдаланды, — деп жазылған ресми мәліметте.
Басқаша айтсақ, әр авиа жолаушы бір жылда орта есеппен 1 947 шақырым жолды ұшақпен еңсерген.
-2023 жылы жолаушылар айналымы 25 898,5 млн жолаушы/шақырым болды. 2023 жылы 1 адамға алғанда орташа есеппен 1 947 км келеді, — делінген жауапта.