Қазақстан халқының саны қанша - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқының саны қанша

Қазақстан халқының саны қанша

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Еліміздегі халық саны 20 286 084 адамға жетті Ұлттық ста

  • 4 Ақпан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздегі халық саны 20 286 084 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың 1 қаңтарындағы Қазақстан халқының санын жариялады.

Бюроның мәліметінше, жыл басында Қазақстанда 20 286 084 адам тұрған. Былтыр қазақстандықтардың саны 252 242 адамға артқан.

Еліміздегі үш қала мен төрт облыста миллионнан астам адам тұрады. Ең халқы тығыз орналасқан өңірлер – Алматы мен Түркістан облысы, онда тиісінше 2 292 333 және 2 154 334 адам тұрады.

Астана (1 528 887 адам) және Алматы облысында (1 560 377 адам) 1,5 миллионнан астам адам тұрады.

Миллионнан астам халқы бар қалалар мен өңірлер қатарына:

Шымкент – 1 256 263 адам

Жамбыл облысы – 1 222 513 адам

Қарағанды облысы – 1 133 984 адам да кіреді.

Астанада халық санының өсу қарқыны ең жоғары. Елордада бұл көрсеткіш 6,91 пайызды құраған. Алматы мен Шымкентте бұл көрсеткіштер 2,86 және 2,80 пайызды құрады.

Қалаларда 12 774 743 адам, ал, ауылдық жерде 7 511 341 адам тұрады.