Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ  - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

  • 3 Маусым
  • 4
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 2026 жылдың алғашқы бес айында электр энергиясын өндіру көлемі 53,6 млрд кВт/сағ-қа жетсе, тұтыну деңгейі 53,3 млрд кВт/сағ болды. Осылайша елде шамамен 300 млн кВт/сағ көлемінде электр энергиясының профициті қалыптасты. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш энергетикалық жүйенің тұрақты жұмысын, генерациялайтын қуаттардың сенімділігін және ішкі сұраныстың толық қамтамасыз етіліп отырғанын көрсетеді.

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері есебінен 2,6 ГВт жаңа қуат іске қосылады.

Жоспарға сәйкес, төрт газ электр станциясы пайдалануға беріліп, екі электр станциясының қуаты кеңейтіледі. Бұдан бөлек, 10 жаңа жаңартылатын энергия нысаны іске қосылады. Оның ішінде төрт жел электр станциясы, бес күн электр станциясы және бір су электр станциясы бар.

Энергетика саласындағы бұл жобалар 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі электр энергиясы тапшылығын толық жоюға мүмкіндік береді. Ал 2029 жылға қарай Қазақстан тұрақты электр энергиясы профицитіне шығуды көздеп отыр.