Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі  - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі 

Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі 

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді

  • 16 Ақпан
  • 2
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар тасымалданады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.