Қазақстан медицина сапасы жағынан ТМД және Орталық Азия елдерінен қалып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан медицина сапасы жағынан ТМД және Орталық Азия елдерінен қалып қойды

Қазақстан медицина сапасы жағынан ТМД және Орталық Азия елдерінен қалып қойды

Қазақстан әлемде 78-ші орынды иеленіп, ТМД және Орталық Азия елдері арасында Түркіменстаннан ғана жоғары тұр

  • 28 Наурыз
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда медициналық қызмет көрсетумен байланысты 1,3 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,2%-ке артық, деп хабарлады Energyprom.kz.

Оның 1,2 мыңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзуға қатысты.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мамандар саны 1,1 мың адамға жетіп, 28,7%-ке өскен. Жалпы 11,1 млн теңге айыппұл салынған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4,4 млн теңгеге көп.

Ceoworld Magazine денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан әлемде 110 елден 78-ші орынды иеленіп, ТМД және Орталық Азия елдері арасында Түркіменстаннан ғана басым түсті.

Жалпы Қазақстанда биылғы қаңтар-ақпан айларында денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 50,1 млрд теңге инвестиция салыны, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 48,8%-ке артық.