Қазақстан мектептерінде жыныстық ағарту сабақтарын енгізу жоспарланып отыр ма - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мектептерінде жыныстық ағарту сабақтарын енгізу жоспарланып отыр ма

Қазақстан мектептерінде жыныстық ағарту сабақтарын енгізу жоспарланып отыр ма

2025 жылғы 20 мамырда үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елде орын алған бірқатар өрескел оқиғаларға байланысты Қазақстан мектептерінде жыныстық тәрбие сабақтарын енгізу уақыты келді ме деген сұраққа жауап берді

  • 20 Мамыр
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ғани Бейсембаев қысқа қайырды, Қазақстан мектептерінде жыныстық ағарту сабақтарын енгізу жоспарланып отырған жоқ.

«Менің ойымша, ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігін арттыру дұрыс болады – бұл әрдайым солай болған. Мұндай нәрселер отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан біз ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарын арнайы аштық. Мен сол жерде психологтар барынша жұмыс істеп, ата-аналарды ағарту үшін тапсырма бердім: балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек, оларды қалай тәрбиелеу керек. Ең дұрыс, өнімді және тиімді шешім – бұл ата-ана жауапкершілікті өз мойнына алып, осы іспен айналысқанда. Әрине, мектеп жауапкершіліктен қашпайды, бірақ оны толықтай мектепке жүктеу, менің ойымша, онша дұрыс болмайды. Біз «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында тиісті іс-шаралар өткіземіз, бірақ сіз қазір айтқандай тікелей мағынада емес», – деп жауап берді министр.

Оның пікірінше, бұл мәселеде негізгі рөлді ата-аналар өз мойнына алуы тиіс, ал мектеп оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.