Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды

Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды

Қазақстандық делегация Сианьда келіссөздер жүргізді

  • 3 Сәуiр
  • 5
ФОТО: Пресс-служба Министерства торговли и интеграции РК

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сиань қаласында өткен сауда экономикалық миссия қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпкерлер 98 млн долларға келісім жасасты, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.

Визит казахстанской делегации в Сиань - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025

Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды

© Photo : Пресс-служба Министерства торговли и интеграции РК

Былтыр Қазақстан мен Қытайдың Шэньси провинциясы арасындағы өзара тауар айналымы $382,3 млн болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе көп. Ал Сиань қаласына барған сауда және интеграция министрлігінің бизнес-делегациясы Шэньси провинциясымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ықпал етті, дейді министрлік.

«Чэнду қаласында қол жеткізген келісімдер нәтижесінде тауар айналымын 50%-тен асырып, ал Нанкинде – 3,5 есеге арттырдық. Шэньси провинциясымен де ынтымақтастық кеңейеді деп сенемін. Біз 490 млн доллардан астам сомаға 16 түрлі өнім бойынша ұсыныс әкелдік. 30 күнге дейін визасыз режимнің енгізілуі — туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына үлкен серпін береді», – деді сауда және интеграция министрі.

Визит казахстанской делегации в Сиань - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025

Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері 98 млн доллар келісімге қол қойды

© Photo : Пресс-служба Министерства торговли и интеграции РК

Өткен жылы Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға шамамен 300 пойыз жөнелтілсе, биыл екі айда 111-ден астам пойыз жіберілген.