Қазақстан мен Түркия валюта келісіміне қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Түркия валюта келісіміне қол қойды

Қазақстан мен Түркия валюта келісіміне қол қойды

Қазақстан мен Түркия орталық банктерінің төрағалары — Тимур Сүлейменов пен Фатих Карахан Қазақстан теңгесі мен түрік лирасы арасындағы екіжақты валюта свопы туралы келісімге қол қойды

  • 24 Сәуiр
  • 6
ФОТО: Қазақстан Ұлттық Банкі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа қол қою рәсімі Вашингтонда Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының Көктемгі кездесулері аясында өтті, делінген Ұлттық банк баспасөз қызметінің хабарламасында.

Келісім мәні:

  • екі ел арасындағы өзара есеп айырысуды жеңілдету;
  • сауда-саттықта валюта тәуекелдерін азайту;
  • ұлттық валюталардағы өтімділікке қол жеткізуді жақсарту;
  • Қазақстан бизнесіне қолдау ретінде түрік серіктестермен жұмыс істеуді жеңілірек әрі тиімдірек етуге жағдай жасау.