Қазақстан мұнайдағы бос нишаға кіріп, негізгі ойыншыға айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнайдағы бос нишаға кіріп, негізгі ойыншыға айналды

Қазақстан мұнайдағы бос нишаға кіріп, негізгі ойыншыға айналды

Осы мерзімде Германия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4,75 миллиард еуроға жеткен. Ресей көрсеткішінен озуға небары 20 миллион еуро қалып тұр.

  • 21 Тамыз
  • 9
Фото: ашық дереккөз

Осы жылдың аяғына дейін Германияның сыртқы саудасында Қазақстан Ресейді басып озбақ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ал келесі жылы Украинаны да артта қалдырып, Германияның ТМД аумағындағы ең негізгі серіктесіне айналады деп күтілуде. Әрине, ол үшін бізге де көп арбайтен жасау керек.

Кеше неміс экономикасын зерттейтін ФРГ Шығыс комитеті алғашқты жартыжылдықтың қорытындысын шығарды. Осы мерзімде Германия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4,75 миллиард еуроға жеткен. Ресей көрсеткішінен озуға небары 20 миллион еуро қалып тұр.

Ал біздің «Қашаған» кенішінен шыққан мұнайдың негізгі партиясын Дружба құбыры арқылы енді жіберетінімізді ескерсек, онда жыл аяғына дейін Ресейді Германиямен тауар айналымында кемінде 1 миллиард еуроға басып озатынымыз анық.

Ресейге санкция салынғалы бері ол Германияның мұнайгаз нарығынан біржолата айрылды. Газ нарығында оны АҚШ пен Катар алмастырса, мұнайдағы бос нишаға Қазақстан мен Әзірбайжан кірді.

Биыл «Қазтрансойл» Германияға Дружба арқылы 1,3 миллион тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр. Германия негізі одан да көп, кемінде 2 миллион тонна мұнай сұрауда. Бірақ Қазтрансойлдың қазіргі объективті мүмкіндігі 1,5 миллион тоннаның шамасында болса керек.

Жартыжылдықтағы 4,75 миллиард евро тауар айналымының 3,31 миллиард еуросы — Қазақстанның Германияға экспорты. Ал бізге келетін импорт 1,44 миллиард еуро. Көбіне ол станоктар, турбиналар мен бөлшектер.

Бұрын Германия бізге автоимпорт көшбасшысы болып келсе, қазір ондай емес. Біз Мерседес пен Аудиден, Хьюндай мен Шевроле, Шанган мен Черриге ауысып кеттік. Дегенмен де, 13 миллион теңге тұратын Audi A3 моделіне қазақтар тарапынан қызығушылық артуы мүмкін. Себебі неміс сапасын жақсы түсінетін халықпыз.

Егер Германия Маңғыстау өңірінде гидроген өндіруі тиіс «Hyrasia One» жобасына 50 миллиард доллар инвестиция ұйымдастырып бере алса, онда біздің негізгі инвесторлар үштігіне кіретін болады.

«Немістер Ресейге салынған санкцияның жақын жылдары жойылмайтынын жақсы біледі. Сол себепті Қазақстанға деген бизнес назары күшейетіні анық. Біз де осы мүмкіндіктер уақытын бос жіберіп алмауға ұмтылуымыз керек. Әйтпесе, келер ұрпақ алдында ұятты боламыз», — деді қаршы сарапшысы Айбар Олжаев.