"Қазақстан мықтылардың елі екен": Әзербайжандықтар қазақтарға тәнті болып, алғыс айтуда - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстан мықтылардың елі екен": Әзербайжандықтар қазақтарға тәнті болып, алғыс айтуда

"Қазақстан мықтылардың елі екен": Әзербайжандықтар қазақтарға тәнті болып, алғыс айтуда

Әлеуметтік желіде әзербайжан халқы қазақстандықтарға жаппай алғыс айтуда.

  • 26 Желтоқсан
  • 28
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әзербайжандық желі қолданушылары қазақстандық жаңалық тарататын порталдардың пікірлеріне Қазақстан туралы жылы сөздер жазуда. Олар ұшақ апатынан зардап шеккен жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетіп, қан тапсыруға кезекте тұрған қазақстандықтардың мейірімділігі мен адамгершілігіне тәнті болуда.

«Мен өзім шешен ұлтынанмын. Бауырлас ел, Қазақстанға шынайы алғысымды білдіргім келеді. Алла бәрімізге екі дүние бақытын нәсіп етсін», «Рақмет, Қазақстан қашан да мықты әрі мейірімді адамдардың елі болған. Солай болып қала береді де», «Басқа елдерде ақшасын төлемесең ешкім көмек көрсептейді ғой, қазақтар жомарт екен», «Қазақтар ең мейірімді халық екен», «Біздің ең жақын бауырлас еліміз, Қазақстан саған көп рақмет», — деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.