Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын растады

Қазақстан ОПЕК+ келісімдерін берік ұстанатынын растады

Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалады

  • 6 Сәуiр
  • 4
ФОТО: правительство Российской Федерации

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнеконференция форматындағы ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 59-шы отырысына энергетика министрі Ерлан Аккенженов қатысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Отырыс барысында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ОПЕК+ келісімі шеңберінде қатысушы елдердің өз міндеттемелерін орындау көрсеткіштері қарастырылып, ОПЕК+ елдері бойынша жалпы орындау деңгейі атап өтілді, сондай-ақ жаһандық мұнай нарығындағы қазіргі үрдістер талқыланды.

Комитет нарық тұрақтылығын қолдау мақсатында сегіз елдің қосымша ерікті қысқартуларын жоғары бағалап, барлық міндеттемелердің толық орындалуы мен өтемақы шараларын жүзеге асырудың аса маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар, министрлік Қазақстан сондай-ақ 3 сәуірде өткен кездесуге қатысқанын хабарлады. Бұл жиында қосымша ерікті қысқартуларды жүзеге асырып жатқан сегіз мемлекет, оның ішінде Қазақстан да, нарық жағдайына бірлескен бағалау жүргізді. 3 сәуірдегі кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан конъюнктура мен тұрақтылық мүдделерін ескере отырып, мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтарудың бұрын келісілген кестесіне түзету енгізу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан ОПЕК+ аясындағы келісімдерді ұстануды жалғастырып, халықаралық міндеттемелер мен ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып, альянс серіктестерімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырады.