Астанада «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық акциясы аясында ерекше шара өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 511.77
  • 593.19
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық акциясы аясында ерекше шара өтті

Астанада «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық акциясы аясында ерекше шара өтті

Астанада қалалық полиция департаментінің ұйтқы болуымен арнайы шара ұйымдастырылды.

  • 24 Мамыр
  • 2116
Фото - Caravan.kz

2025 жылғы 24 мамыр күні Боталы көшесі, 26-үйдің ауласында «Қазақстан – отбасындағы зорлық-зомбылықсыз ел» республикалық акциясы аясында маңызды әлеуметтік іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – қоғам назарын отбасылық құндылықтарға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, өзара құрмет пен қолдауға негізделген отбасылық қатынастарды нығайтуға аудару болды.

Шара барысында:
• Отбасы ағашы отырғызылды – бұл береке мен бірліктің, ұрпақтар сабақтастығының және отбасылық татулықтың белгісі ретінде өткізілді.
• Балалар өз отбасына деген көзқарастарын суреттер, хаттар және қолдан жасалған бұйымдар арқылы жеткізіп, шығармашылықтарын көрсетті.
• Іс-шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан блогер әрі құқық қорғаушы Айтбек Амангелді отбасы тәрбиесінде зорлық-зомбылықсыз ортаның маңыздылығы жайлы ой бөлісті.
• Балалар үшін аниматорлармен қызықты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, бұл шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараны Полиция департаменті жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырды.

Шараға аудан тұрғындары, балалармен келген отбасылар, қоғамдық ұйым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бұл бастама отбасылық құндылықтарды насихаттауда және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда маңызды қадам болды. Іс-шара қауіпсіз әрі берік қоғам қалыптастыруға бағытталған жақсы үлгі ретінде өтті.

«Бұл акцияның негізгі мақсаты — отбасыдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау. Халыққа дұрыс ақпарат беру. Соның ішінде балалармен ойын түрінде өздерінің отбасының болашақтағы моделі қандай болу керек? Ата-анасына, отбасына деген тілектері қандай? Сол жөнінде болып отыр. Бұл іс-шараға біз құқық қорғаушы, белгілі блогер Айтбек Амангелдіні шақырдық. Ол кісіні шақырудың өз себебі бар. Өйткені, халық оны марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы ретінде, қарындасының құқығын қорғаған жақын адамы ретінде біледі. Сондықтан сол кісіні шақырдық. Ол кісі өзінің көкейінде жүрген мәселелерді қозғап, халыққа жеткізді»,- деді шараның ұйымдастырушылары.

Сонымен қатар аталған шарада «Отбасының бақыты» атты ағаш отырғызылды. Оған бүкіл аула тұрғындары, олардың балалары қатысып, атсалысты әрі оған балалар өз тілектерін жазды.

«Менің отбасым қандай болу керек» деген тілектерін жазды. Бұл ағашқа балалар күнделікті суын құйып, оның қалыпты өмір сүруіне ат салысады. Яғни, бұл жерде әрбір баланың осы ағашқа өзінің болашақтағы бақытты отбасы болатынына, себепкер болатын іс-әрекеттерді үйрету арқылы жасау болған еді. Бұл жерде 30-дан астам полиция қызметкерлері қатысты. Соның ішінде Астана қаласындағы полиция департаментіндегі отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа күрес бөлімінің қызметкерлері қатысты. Жалпы бұл іс-шараға 100-ден аса адам қатысты. Бұл жаңа формат. Яғни, әрбір аула өзінің ауласында, өзінің отбасында, үйінде зорлық-зомбылыққа қарсы екенін білдірді. Осы акцияның соңғы нүктесі осылай аяқталды. «Біз ауламызбен зорлық-зомбылыққа қарсымыз» деген ұранмен аяқталды. Бұл ұранды әріқарай челлендж ретінде Жағалау-4 тұрғын үй кешеніне берілді. Олар да бұл челленджі әрі қарай жалғастыра түспек», — деді іс-шара ұйымдастырушы.