Қазақстан президенті Қытайдың жаңа халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Қытайдың жаңа халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдады

Қазақстан президенті Қытайдың жаңа халықаралық ұйым құру жөніндегі бастамасын қолдады

2025 жылғы 11 тамызда жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Дүниежүзілік ұйым құру бастамасын қолдайтынын мәлімдеді

  • 11 Тамыз
  • 6
ФОТО: senate.parlam.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, Қытай Халық Республикасы жасанды интеллект саласындағы жаһандық ынтымақтастық ұйымын құруды ұсынған.

«Мақсат – ЖИ басқаруда көпжақты тәсілді ілгерілету, цифрлық теңсіздікті азайту, этикалық нормаларды дамыту және жасанды интеллектіні орнықты пайдалану. Қытайдың осындай ұйым құру туралы ұсынысын қолдап, дайындық жұмыстарына қатысу қажет деп санаймын. Бұл – еліміздің мүддесіне сай», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, кеңес барысында Мемлекет басшысы елдегі барлық цифрлық экожүйені – мемлекеттік те, квазимемлекеттік те – бірыңғай ұлттық (суверенді) платформаға көшіруді тапсырды.

Перейти к новостям спорта