"Күндіз эфирде шындық іздеп, түнде палатада ертегі оқып отырған ана едім": Дина Төлепберген күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күндіз эфирде шындық іздеп, түнде палатада ертегі оқып отырған ана едім": Дина Төлепберген күтпеген мәлімдеме жасады

"Күндіз эфирде шындық іздеп, түнде палатада ертегі оқып отырған ана едім": Дина Төлепберген күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал журналист Дина Төлепберген өзіне қатысты 8 дерекпен бөлісті.

  • 15 Сәуiр
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Иә, бойым — 153 см. Бірақ жүрегім — XL. Микрофон ұстап, камера штативтерінің астынан өткен қазақ қыздарының чемпионаты болса — алтын медаль иегері болар едім. Менің алғашқы мамандығым — режиссер. Көптің алдында сөз сөйлеуді, эмоциямен жұмыс істеуді сол кезде үйрендім. Ұлым Асқарәліге 7 жасында тромбоцитопения диагнозы қойылғанда, мен күндіз эфирде шындық іздеп, түнде палатада ертегі оқып отырған ана едім. Журналистикада 20 жылдан астам тәжірбием бар. Тони Блэр, Ангела Меркель, Кофи Аннан сияқты әлемдік көшбасшылардан сұхбат алған қазақ қызының бірімін. Бір кездері «қыз журналист болу үшін — аяқ та, қол да мықты болу керек» деп әзілдегенмін. Шынында — жүрек пен жүйке керек екен. Мені жасаған екі адам бар: Анам — қатал тәрбиемен қайрады. Күйеуім — шексіз махаббатпен өзіме сендірді. Маған бәрінен қиын сұрақ: «Бос уақытыңда немен айналысасың?» деген. Бос уақыт деген қай жылы болады?», — деп жазды журналист.