Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африкамен ынтымақтастықты күшейтуді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африкамен ынтымақтастықты күшейтуді талқылады

Қазақстан СІМ-де Оңтүстік Африкамен ынтымақтастықты күшейтуді талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Киитуметси Сиипило Тандека Мэттьюстің кездесуі өтті

  • 11 Сәуiр
  • 10
Фото: qov.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Ә.Бақаев Африка құрлығының халықаралық аренадағы рөлінің артуы аясында Қазақстан-Оңтүстік Африка қатынастарын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Оңтүстік Африка Елшісі К.Мэтьюс Астана мен Претория арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын белгілеп, алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлар мен іс-шаралардың кестесін қарастырды.