Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі сирек металдарды бірлесіп өндіретін елдердің тізімін жариялады.
Үкіметтің бүгінгі отырысында тау-кен саласын дамыту мәселесі қаралды. Сол кезде премьер-министр Олжас Бектенов сирек металдар бойынша атқарылған жұмыстар жайында сұрады.
Вице-министрі Олжас Сапарбековтың айтуынша, бүгінде сирек кездесетін металдар саласын дамытудың кешенді жоспары бар. Соның аясында бірқатар жұмыстар атқарылды.
“Сирек металдарға қатысты 11 учаскеде іздеу жұмыстары аяқталып, “Күйректікөл” перспективалық кен орны анықталды. Қазіргі кезде осы салада 8 кәсіпорын жұмыс істеп, бірлесіп өнім шығарады. Өндірістік мүмкіндіктер мен әлемдік сұранысты ескере отырып, төрт бағыт айқындалды. Бірінші, ол — баттарея материалдары, екінші — ыстыққа төзімді қорытпалар, үшінші — жартылай өткізгіш материалдар, ат төртінші бағыт — магниттер”, — деді Сапарбеков үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бүгінде сирек металдар бойынша шетелдік компаниялармен де келіссөздер жүргізіліп жатыр.
“Еуроодақ, Ұлыбритания, Корея, Қытай және Жапония сияқты елдермен серіктестік орнатылады”, — деп атап көрсетті вице-министр.