Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — Қазгидромет

Қазақстан тауларында жаңбырдан сел жүруі мүмкін — Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның тау өзендері бойынша биылғы суару кезеңіне арналған гидрологиялық болжамын ұсынды.

  • 10 Сәуiр
  • 37
Фото: Pexels

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы тау өзендері үшін алдағы уақыттағы су көлемінің негізгі көрсеткіші 2023 жылғы 1 қазан-2024 жылғы 1 сәуір аралығындағы ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашынның жалпы көлемінен құралады», — деді Қазгидрометтің баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова орталық коммуникациялар қызметінде.

Жерді қашықтан зондтау суреттеріне сәйкес, 7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қар жамылған таулы аумақтарының көлемі: Жамбыл облысы бойынша — 2%, Түркістан облысы бойынша — 2%, Алматы облысы бойынша — 14%, Жетісу облысын бойынша — 18%, Абай облысы бойынша — 9%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 63%.

Метеостансаларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал.

«Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан кейін қатты су тасқыны орын алуы мүмкін», — деді Қазгидромет өкілі.