Қазақстан ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын — Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын — Тоқаев

Қазақстан ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын — Тоқаев

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады.

  • 13 Сәуiр
  • 3
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды.

Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.

«Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты», — делінген хабарламада.