Қазақстан Үкіметі өз тарихында алғаш рет бюджет дефицитін проблема ретінде мойындады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Үкіметі өз тарихында алғаш рет бюджет дефицитін проблема ретінде мойындады

Қазақстан Үкіметі өз тарихында алғаш рет бюджет дефицитін проблема ретінде мойындады

Сарапшының пікірінше, Олжас Бектенов - тағдыры ауыр премьер.

  • 6 Ақпан
  • 10
Фото: caravan.kz

2025 жылы Қазақстан Үкіметі өз тарихында алғаш рет бюджет дефицитін проблема ретінде мойындап, Ұлттық қорды аялауды, шығын және кірістермен жұмыс істеуді қолға алды. Бұл туралы қаржы сарапшысы Айбар Олжаев пікір білдірді.

Сағынтаев, Мамин, Смайылов сынды премьерлер кезінде жетпей қалған кез-келген шығынды Ұлттық қор арқылы жабу қалыпты дүние деп саналатын. Ал дефицит мүлде назар аударатын мәселе деп мойындалған емес. Бюджетке қатысты бүкіл үкімет психологиясын өзгерткен және биылдан бастап трансформацияға ұшыратқан премьер Олжас Бектенов болып отыр. Бүгін оның Үкімет басшылығына келгеніне бір жыл толды.

Олжас Бектенов дәуірінде Қазақстан экономикасы 4,8%-ға өсіп, жаңа жобаларға 15,7 миллиард доллар инвестиция тартылды. Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар 4,5 мың тауар түрін шетелден емес, тек өзіміздің өндірушілерден сатып алды, 26,7 млн тонна дәнді-дақыл, 3 млн тонна майлы дақыл жиналды, су тасқыны зардабы толық жойылды. 361 емхана, 257 мектеп, 40 студенттік жатақхана салынып, 7 мың шақырымнан астам жол реттелді. Кезінде ұрланған 900 миллиард теңге активтер мемлекетке қайтарылды. Қазақстан цифрлық технологиялары дамыған әлемдегі 30 елдің қатарына енді.

Үкімет: тар жол, тайғақ кешу

Олжас Бектенов — тағдыры ауыр премьер. Ол Қазақстан Үкіметіне бюджет қиналып жүрген аласапыран кезеңде келді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы футболшыны дәл уақытында алаңға шығарып, ол гол салған тактикасы мол тәжірибелі бапкер десе болады. Ол тағайындау барысында күштік құрылымдарды басқарған Бектеновтің кандидатурасын ел экономикасында өзгерістер жасау үшін батыл әрі табанды шешімдер қабылдау керектігімен түсіндірген еді. Бектенов тура сол миссияны алып шықты.

Күрделі жағдайды шешудің жалғыз жолы – ұнамайтын шешімдер қабылдау. Соның барлық жауапкершілігі мен ауыртпашылығын мойнына алатын болады. Ақшаны кескенді, үнемдегенді, салық көтергенді кім ұнатады? Әрине ешкім. Халық та, бизнес те қарсы болады, наразылық білдіреді, сынайды. Осыған жауапкершілік алатын, сөз арқалайтын жалғыз тұлға – Премьер-Министр. Бірақ олай істемесе барлығымыз, мемлекетіміз құрдымға кетейін деп тұр. Гангрена денеге жайылып үлгергенше, аяқты кесіп тастау ауыр, бірақ жалғыз жөн шешім.

Олжас Бектенов үшін осы бір жыл оңай өтпеді. Бірақ ең қиыны әлі алда. Үлкен жеңісіміз – Үкімет трансформациялануда, олардың психологиясы өзгере бастады. Бір күндік жеңіс емес, тұрақты, ұзақ мерзімді өсімнің бағалы екенін сезіндік. Олжас Бектеновтың ең негізгі нәтижесі осы дер едім.

Перейти к новостям спорта