Қазақстан зайырлы мемлекет болудан қалды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 523.72
  • 544.09
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан зайырлы мемлекет болудан қалды ма?

Қазақстан зайырлы мемлекет болудан қалды ма?

Жолды жауып тастап, жаппай намаз оқыған азаматтар артында тұрған жедел жәрдем көлігін жібермей қойған.

  • 9 Желтоқсан
  • 29
Фото: видеодан алынған

Алматыда бір топ азамат жолдың жүріс бөлігін намаз оқу үшін жауап тастаған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Болған жағдайға байланысты ел тұрғындары наразылық білдірді, ал полиция не деді? Caravan.kz медиа порталы шолу жасайды.

Аталған оқиға демалыс күндері Медеу ауданында болған. Жол қозғалысын шектеген азаматтардың іс-әрекетін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген желі қолданушысы «Елдің ірі қаласы — Алматының полициясы жұмыс істеп жатыр ма? Егер жұмыс істесе, кімнің мүдессін қорғайды?» деп сұрақ қойды.

Айта кетейік, 2023 жылы ұқсас оқиға орын алған кезде, Vecher.kz басылымына Алматы Бас имамының орынбасары Тимур Әлиев пікір білдіріп, намаз оқуға тыйым салынған жеті орынды атап өткен.

«Зираттар (қабірлердің арасында). Мал сою алаңдары. Жануарлар ұсталатын ғимараттар. Монша. Қағбаның төбесі. Үйдің әйелге арналған бөлігінде. Жолдың қиылысы. Жолға келетін болсақ, исламтанушы ғалымдардың пікірінше, кез-келген жол намаз оқуға өте қолайсыз, өйткені ол жерлермен адамдар немесе мал жүреді, ал қазіргі уақытта көліктер жүреді», – деді Тимур Әлиев.

Мемлекет басшысы да Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін халыққа ескерткен. Сондай-ақ әр сөзінде қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы өте маңызды екенін де жиі айтады.

Аталған жағдайды ескере отырып, Қазақстан зайырлы мемлекет болудан қалды ма деген сұрақ туындайды. Себебі бүгін қоғамда жаңа тәртіп орнаған сияқты, адамдар жол қозғалысын шектеп, көлік жүретін жерде жаппай намаз оқуы қаншалықты дұрыс? Азаматтардың бұл іс-әрекеті көліктердің жүруін шектеуден бұрын, жедел жәрдем және өрт сөндірушілердің де жұмысына айтарлықтай кедергі жасап отыр.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтардың хабарламасы бойынша оқиға орнына полиция қызметкерлері келіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ер адамдарды ЖҚЕ-ні қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар Алматы қаласының полициясы «Заң мен тәртіп» қағидасын еске сала отырып, кез келген құқыққа қайшы әрекеттер жауапкершілікке әкелетінін атап өтті», — деп мәлімдеді Алматы полициясы.

Кейінірек Алматыда полциция көше жабылу оқиғасынан кейін тексеріс бастады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қыркүйегінде Алматының жанындағы Айнабұлақ ауылының маңында өлім оқиғасы орын алған еді. Mercedes автокөлігі Панфилов ауданы Жаркент қаласының 27 жастағы имамын қағып кеткен. Ол жол бойында кешкі намаз оқыған. Имам алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Алматыда тыныш жағдайда, ешкімге кедергі жасамай, қауіп төндірмей намаз оқуға болатын көптеген орындар бар. Бүгінгі таңда қала аумағында 54 мешіт жұмыс істейді, олардың есіктері таңертеңнен кешке дейін ашық.

«Сонымен қатар, қалада намазханалармен жабдықталған ресторандар мен тамақтану орындары да жетерлік. Олар тыйым салмайды. Сондықтан рұқсат етілген жерде намаз оқыған дұрыс. Бастысы ешкімге қауіп төндірмеу және айналасындағылардың наразылығын туғызбау керек», – деп атап өткен ҚМДБ өкілі.

Қазақстан халқының басым бөлігі — мұсылмандар. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, халықтың шамамен 70 пайызы ислам дінін ұстанады. Бұл 2021 жылғы халық санағы мен басқа деректерге негізделген жалпы статистика. Ал халықтың 30-49%-ы намаз оқиды деген бейресми де ақпарат бар.