Қазақстан зейнеткерлер үшін қолайсыз елдердің қатарына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 501.26
  • 590.38
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан зейнеткерлер үшін қолайсыз елдердің қатарына енді

Қазақстан зейнеткерлер үшін қолайсыз елдердің қатарына енді

Зейнет жасына жеткен Қазақстан азаматтары қалай өмір сүреді? Әлем елдерімен салыстырғанда жағдаймыз қандай? Шетелдік БАҚ бұл туралы не дейді?

  • 26 Ақпан
  • 50
Фото: Pinterest

Саravan.kz медиа порталының тілшісі анықтап білді. 

Америкалық  U.S. News & World Report медиакомпаниясы зерттеу жүргізген. Бұл тізімде Қазақстан зейнеткерлерге  жайлы өмір сыйлай алмайтын елдердің қатарына енді. Зерттеу нәтижелерімен energyprom.kz порталы бөлісті. 

Сауалнамаға 17 мың адам қатысқан. Рейтингті жасау үшін 17 мыңға жуық адаммен сауалнама жүргізілген, ал елдердің нақты орындары 40 пен 50 жас аралығындағы шамамен 5,9 мың респонденттің пікіріне сәйкес анықталған.

«Қатысушылар мемлекеттерді жеті негізгі көрсеткіш бойынша бағалады. Олардың қатарында өмір сүруге қолжетімділік, салық саясаты, достық қарым-қатынас, өмір сүруге жайлылық, жағымды климат, меншік құқығының қорғалуы және денсаулық сақтау саласы бар». 

Осылайша, Қазақстан 89 елдің ішінде 77-орынға ие болды. Рейтингке енген Орталық Азия елдері мен Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы мемлекеттер бұдан да төмен орындарға жайғасты:

  • Әзербайжан — 81-орын.
  • Өзбекстан — 84-орын.
  • Украина — 85-орын.
  • Беларусь — 87-орын.
  • Ресей — 89 елдің ішінде соңғының алдындағы орын.
  • Соңғы орынды Иран иеленді.

Ал алғашқы ондықты Еуропаның дамыған елдері, сондай-ақ Жаңа Зеландия, Австралия және Канада иеленген.

Айта кетейік, БЖЗҚ мәліметінше, Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алушылар саны 1,52 млн адамға жеткен. Оның ішінде 684,4 мыңы — жасына байланысты зейнеткерлер, 9,9 мыңы — мүгедектігі бойынша төлем алушылар.

2024 жылғы деректерге сәйкес, салымшылардың 65,4%-ы жылына 9-12 рет жарна аударған. Тағы 12,5%-ы — 6-8 рет, ал небәрі 22,1%-ы — жылына 1-5 рет жарна енгізген.

2025 жылы БЖЗҚ жүргізген сауалнама нәтижесінде, респонденттердің 39,3%-ы зейнет жасындағы негізгі табыс көзі ретінде осы қордағы жинақтарына сенетінін айтқан. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда (33,1%) жоғары.

Тағы 25% мемлекеттік зейнетақыға үміт артқан, 15,6% басқа жинақтарына сенеді, 11,6% өз бизнесіне үміттенеді, 5,4% туыстарының көмегіне сүйенеді, небәрі 2,6% сақтандыру төлемдерін күтеді, ал 0,6% жауап беруге қиналған.

2025 жылы БЖЗҚ-дағы жинақтарына ең көп сенім артқан салалар — өнер және шығармашылық (44,3%), ғылым (41,2%), медицина (40,2%) және ауыл шаруашылығы (40,1%).

Айта кетейік, 2023 жылы экономист Григорий Марченко, оны «отандық зейнетақы жүйесінің архитекторларының бірі» деп атайды, сондай-ақ  Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі біздің зейнеткерлер Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде демала алатынын айтқан болатын.

Алайда бұл үшін 25 жыл бойы жоғары жалақы алып, зейнетақы қорына тұрақты түрде жарна аударып отыру, сондай-ақ ынтымақты зейнетақы алу қажет. Марченконың айтуынша, мұндай зейнеткерлер айына 300, 350, 400 тіпті 500 мың теңгеге дейін табыс алады.

Қоса кетейік, 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 744 теңгені құрайды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы — 95 167 теңге, базалық зейнетақы — 47 577 теңге.